Оңтүстік Корея оппозициясы президент Юнға импичмент жарияламақ

Оңтүстік Кореяның оппозициялық заң шығарушылары президент Юн Сук Ельге соғыс жағдайын енгізудегі сәтсіз әрекетіне байланысты импичмент жариялауға өтініш берді. Бұл туралы BBC хабарлады. 

Елдегі Демократиялық партия Юнның бұл декларациясын “бүлікшіл әрекет” деп айыптады.

“Біз енді демократияның күйреуіне жол бермейміз. Адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі қорғалуы керек”,- деді Демократиялық партияның орталық комитетінің мүшесі Ким Ён Чжин.

Партия Юнды, министр Ким Ян Хён мен ішкі істер министрі Ли Сан Минді декларацияның бастамашылары ретінде жауапқа тартуды сұрап отыр.

Контекст

Президент Юн Сук Ель 3 желтоқсанда кейінгі 45 жылда алғаш рет “соғыс жағдайын”  енгізді. Юнның сөзінше, бұл елге қауіп төндіретін, конституциялық тәртіпке нұқсан келтіретін “мемлекетке қарсы күштермен” күресуге бағытталған.

Ал Оңтүстік Кореяның басты оппозициясы Демократиялық партия президенттің бұл шешімін “мемлекеттік төңкеріс” деп атап, бұйрықты дереу жоюды талап етті. Ұлттық Ассамблея бұйрыққа қарсы дауыс беріп, парламент ғимаратында наразылықтар басталды. Бірнеше сағаттан соң Оңтүстік Корея Президенті әскери жағдайды алып тастайтынын мәлімдеді. 

Егер импичмент мақұлданса, президент дереу қызметінен босатылады.

Журналист

Factcheck.kz