NSO Group компаниясы WhatsApp-ты бұзғаны үшін 170 млн доллар төлейді

Тыңшылық бағдарламаларды жасайтын израильдік NSO Group компаниясы WhatsApp пен оның бас компаниясы Meta-ға 170 млн долларға жуық өтемақы төлеуге тиіс. Мұндай шешімді АҚШ-тың федералды соты бірнеше жылға созылған сот процесінің қорытындысы бойынша шығарды. Бұл туралы Politico басылымы жазды.

Сот шешіміне сәйкес, Pegasus деп аталатын атышулы тыңшылық бағдарламаның әзірлеушісі NSO Group WhatsApp-қа 167 млн доллар көлемінде айыппұл, оған қоса 440 мың доллар өтемақы төлеуге міндеттеліп отыр.

WhatsApp өкілдерінің айтуынша, 2019 жылы NSO Group компаниясы қоңырау шалу функциясы арқылы зиянды бағдарламаны шамамен 1 400 қолданушыға таратқан. Жәбірленушілердің көпшілігі азаматтық қоғам саласында және бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген.

Бұған дейін Apple компаниясы да NSO Group-ты сотқа беріп, өз қолданушыларына қарсы тыңшылық бағдарламаны пайдаланғаны үшін өтемақы талап еткен. Алайда өткен жылы Apple бұл істі тоқтатуды сұрап, тергеу барысында пайдаланушылардың жеке дерегі жария болып кетуі мүмкін деген шешімге келген.

2021 жылы АҚШ Сауда министрлігі NSO Group-ты санкцияға ілігіп, қара тізімге енгізген еді. Бұл компанияның АҚШ-тағы іскерлік әрекетін айтарлықтай шектеді. Сонымен қатар Еуропалық парламент Pegasus бағдарламасының ЕО елдерінде қолданылуын зерттейтін арнайы комитет құрды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz