New York Post-та “Әйелдер өзінен үш есе көп ақша табатын еркектерді іздеп жүр” деген мақала шықты ма?

New York Post газетінің 2019 жылғы мақаласында әйелдер өзімен тең дәрежеде ақша табатын еркектерді іздеп жатқаны жазылған. Дегенмен желіде осы мақаланың скриншоты жалған тақырыппен тарап жүр. Онда әйелдер өзінен үш есе көп ақша табатын еркектерді іздеп жүргені айтылған. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Әйелдер өзінен үш есе көп ақша табатын еркектерді табуға тырысып жатырдеген тақырып бар скриншоттар Х, Instagram желісінде тарады. Кейбір адам бұл ақпаратты шын деп ойлаған. Тіпті біреулер “Өздерің ақша табыңдар!”, “Әйелдерде логика бар ма өзі, оларға биология тұрғысынан мұндай қабілет берілмеген” деген сияқты негатив пікірлер жазған.

Reuters фактчекерлері ең ерте жарияланған скриншотты Х желісінен тапты. Ол әзіл, сатира жанрындағы материалдар үшін өңделген болып шықты.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz