Мыңдаған полякты өлтірген украиналық ардагерге Канадада қошемет көрсетті ме?

2023 жылғы қыркүйекте желіде канадалық депутаттар мен премьер-министрдің, Украина президентінің “Галичина” деген девизияның ардагеріне қошемет көрсеткені туралы ақпарат тарады (1, 2, 3).

2023 жылғы 21-22 қыркүйекте Владимир Зеленский Украинаның бірінші ханымымен бірге іс-сапар бойынша Канадаға барды. Олардың ондағы барған мақсаты сол елдің премьер-министрі Джастин Трюдомен әскери және экономика саласына қатысты келісімге келу, Украина диаспорларымен, кәсіпкерлермен, қоғам өкілдерімен кездесу. 22 қыркүйекте Канада парламентінің салтанатты жиыны өтті. Онда Зеленский сөз сөйледі. Соңында қауымдар палатасының спикері Энтони Рота былай деді:

Бүгін залда Украинаның тәуелсіздігі үшін орыстарға қарсы күрескен және 98 жасында да әскерилерді қолдауды жалғастырған Екінші дүниежүзілік соғыстың украин-канадалық ардагері отыр. Оның есімі — Ярослав Гунька. Ол Украинаның және Канаданың батыры, біз оған барлық қызметі үшін алғыс айтамыз. Рақмет сізге!

Жиналғандар, оның ішінде Зеленский мен Трюдо ардагерге қошемет көрсетті.

Көп ұзамай жанжал шықты. Associated Press оқырмандары Канада парламентінде Ярослав Гунькаға құрмет көрсеткен суретінің астында оның екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1-украин дивизиясында қызмет еткені жазылғанын байқады. 1945 жылғы сәуірге дейін «Галичина» СС («Галиция») деген 14-ерікті жаяу әскер дивизиясы соғыста поляктар мен еврейлерді жаппай өлтірген деген күдікке ілінген.

2016 жылы поляк сеймі дивизия жауынгерлерінің бірқатар ауылдағы поляк халқына жасаған әрекетін геноцид деп таныды. Фашистік Германия жеңілгеннен кейін “Галичинаның” бұрынғы жауынгерлері лагерлерге қамалды, ал 1947 жылы азат етілгеннен кейін көбі Канадаға, АҚШ-қа және Ұлыбританияға көшті.

Ярослав Гуньканы Канадада біле бермесе де, оны өз туған жеріндегілер жақсы таниды. Гунька — Тернополь облысындағы Бережаны қаласының құрметті азаматы. Қаланың ресми сайтында Гуньканың 1943 жылғы қыркүйекте «Галиция» қатарына қосылғаны, 1954 жылы Канадаға көшкені, ал Украина тәуелсіздік алғаннан кейін қайырымдылықпен айналысқаны жазылған.

24 қыркүйекте “Симон Визентальдің достары” деген Холокостты зерттейтін канадалық орталық бұрынғы әскериге көрсетілген құрметке наразылық білдірді: “Нацистік әскери бөлімде қызмет еткен ардагерді парламентке шақырып, оған түрегеп тұрып қол шапалақтағаны таңғалдырды”.

Келесі күні Польшаның Оттавадағы елшісі Витольд Дзельский Варшава “Галиция” дивизиясы мыңдаған поляк пен еврейдің өліміне жауапты деп санайтынын айтты. Оған қоса ол былай деді: «Польша Украинаның ең жақсы одақтасы болғанымен, ол мұндай жауыздарды ақтауды ешқашан қолдамайды. Польшаның Канададағы елшісі ретінде мен кешірім сұралуы керек деп есептеймін және күтемін».

Премьер-министрдің өзі парламентте болған оқиғаны Канада үшін “ұят” деп атаса, оппозициялық консерватив партия өкілдері саяси қарсыластарынан түсініктеме талап етті. Гуньканы салтанатты жиынған шақырған қауымдар палатасының спикері Энтони Рота жағдай үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Ол сайлау округінде тұратын украиналықтың нацистік өткен өмірі туралы ештеңе білмейтінін айтты. Оның үстіне, оның парламенттегі әріптестері мен украин делегациясы да ардагердің парламентке шақырылғанын білмеген. Рота қате үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алып, Канададағы және бүкіл әлемдегі еврей қауымдастығынан кешірім сұрады. Канадалық еврей тобының Израиль және еврей істері жөніндегі орталығы кешірім сұрағаны үшін саясаткерге алғыс айтты, бірақ оқиға қайталанбас үшін мұқият тексеру керек екенін де ескертті.

Осылайша, Канада парламентіндегі жағдай шынымен де болған. Бұл Қауымдар палатасы спикерінің қатесінен болса керек.

Factcheck.kz-тен қосымша ақпарат: Канадалық медианың хабарлауынша, Энтони Рота 1-украиндық дивизияның ардагерін шақырғаны үшін айыпталғаннан кейін Өкілдер палатасының спикері қызметінен кетті.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz