Meta Facebook пен Instagram-да ЖИ арқылы жарнама жасауға рұқсат бермек

Бұл – жарнама нарығын түбегейлі өзгертуі мүмкін маңызды жаңалық. Meta компаниясы брендтерге Facebook пен Instagram платформаларында жасанды интеллект арқылы жарнама жасауға рұқсат беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Басылымның жазуынша, Марк Цукербергтің компаниясы қолға алған бұл бастама жарнама агенттіктерінің рөлін әлсіретуі мүмкін.

Бұл тек болжам емес. Meta-ның жоспарлары жария болғаннан кейін бірқатар ірі жарнама агенттігінің акциясы құнсыздана бастаған.

Атап айтқанда, WPP компаниясының акциялары 3%-ке төмендесе, франциялық Publicis Groupe пен Havas компанияларының бағалы қағаздары сәйкесінше 3,9% және 3%-ке арзандаған.

Контекст

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) жүргізген жаңа зерттеу нәтижесінде, автоматтандырылатын мамандықтар тізімі бұрынғыдан да көбейе түскені анықталды. Сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллект (ЖИ) адам атқаратын көптеген қызметті өз мойнына ала алады.

Зерттеуге сәйкес, белгілі бір мамандық иелері 50-100% деңгейінде жұмысынан айырылуы мүмкін. Бұл әсіресе қайталанатын, стандартталған немесе алгоритмдер арқылы оңай орындалатын жұмыстарға қатысты.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz