Майк Тайсон Зеленскийге “нашақорлықтан емдел” деген бе?

Интернетте әйгілі боксшы Майк Тайсонның видеосы тарады (мұнда, мұнда, мұнда).. Онда Тайсон Украина президенті Владимир Зеленскийге нашақорлықтан емделуге, оңалту курсын алуға кеңес берген деседі. “Проверено” фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біріншіден, видеоның дыбысы жоқ, тек субтитр көрсетілген. Субтитрдің өзінде Владимир Зеленскийдің есімі латын әріптерімен біресе орысша, біресе украинша жазылған. Мұның өзі күмәнді.

Екіншіден, BBC арнасы да, басқа сенімді дереккөздер де Майк Тайсонның мұндай мәлімдемесі туралы хабар таратпаған.

Үшіншіден, фактчекерлер Майк Тайсонның дәл осы жейдені киіп, дәл осы жерде отырған басқа видеосын тапты. Онда боксшы Зеленский туралы емес, халықаралық Teddy Kids балабақшасы жөнінде айтып жатады. Соған қарағанда түпнұсқа видеоның дыбысы өшіріліп, субтитр ретінде фейк ақпараттың мәтіні қойылған болса керек.

Factcheck.kz