Камала Харриске қатысты митиң бейнеленген фото ЖИ арқылы өңделген бе?

АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис пен Миннесота губернаторы Тим Уолцты қолдау үшін Мичиганда өткен митиңгіден суреттер тарады. Қолданушылар желіде тараған фотоға қарап «митиңге жиылғандарды көп етіп көрсету үшін жасанды интеллект арқылы адамдарды көбейтіп қойған» деп топшылап жүр. Reuters агенттігі фотоның рас-өтірігін тексерді.

Көпшілік арасында тараған фото X әлеуметтік желісіне жарияланды: 7 тамызда Харристің қызметкері Бхавик Латия өзінің жазбасында суретті әріптесі Бен Сарл жібергенін айтты.

Камала Харриске қатысты митиң бейнеленген фото ЖИ арқылы өңделген бе?

Алайда кейбір қолданушы бұл фотоны жалған деген айыппен тарата бастады. Президент болуға үміткер Дональд Трамп 11 тамызда Truth Social желісіне жариялаған жазбасында суреттің жасанды интеллект арқылы жасалғанын, осылай Харрис АҚШ-тағы сайлауға араласып жатқанын мәлімдеді.

«Оны шеттету керек, себебі ол жалған сурет жасады. Бұл – сайлауға араласу», – деп мәлімдеген деседі.

«Бұл Мичигандағы Харрис-Киттер үшін 15 000-нан тұратын топтың шын суреті», – делінген Харристың сайлауға дейінгі штабының X-тегі @KamalaHQ парақшасында. Науқан штабының өкілі фактчекерлерге пошта арқылы суреттің шынайы екенін, өзгертілмегенін хабарлады. Митиң туралы ақпарат таратқан медиадарда көп адам бейнеленген фото жариялады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz