Қырғызстан парламенті «шетел агенті» туралы заң қабылдады

Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш үшінші оқылымында «шетел өкілі» түсінігін енгізетін заң жобасын қабылдады. Бұл туралы Kloop.kg хабарлады.

Заң шұғыл түрде қабылданды. Оған депутаттардың демалысқа кететіні себеп болған. 66 депутат «иә» деп дауыс берсе, бесеуі қарсы болған. Құжат президент Садыр Жапаровқа қол қоюға жіберілді.

Жаңа заң бойынша, шетелден қаржы алып, «саяси қызметпен» айналысатын коммерциялық емес ұйымдар «шетел өкілдері» болып танылады. Олар арнайы тізімге енгізіледі, кейін олар қосымша есеп беруі керек және жоспардан тыс тексерістерге ұшырауы мүмкін.

Дәл осы ұйымдар жазған және таратқан материалдарда шетел агенті болып танылатын коммерциялық емес ұйым жазғаны туралы дисклеймер белгі болуы керек.

Бұған дейін бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымы, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR), норвегиялық Хельсинки комитеті, Human Rights Watch, Front Line Defenders және тағы басқа ұйымдар Қырғыз билігін «қауіпті және репрессив заң жобасын кері қайтарып алуға шақырған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz