Құрбан айт қарсаңында ҚМДБ алаяқтар жөнінде ескертті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ел тұрғындарын онлайн құрбан шалуға арналған жалған сайттардан сақ болуға шақырды. Республикалық діни ұйым құрбан шалу рәсімін орындауға арналған qurban.muftyat.kz ресми сайты бар екенін ескертті.

«Биыл ҚМДБ-ның құрбандық шалуды жеңілдету мақсатындағы бастамасын кейбір арам пиғылды адамдар өз пайдасына пайдалануы ықтимал. Осыған байланысты, азаматтардың қауіпсіздігі үшін ескерту жасаймыз: Құрбан айт кезінде белгісіз тұлғалар мен ұйымдар жалған сайттар ашып, құрбандық шалу рәсімін желеу етіп, тұрғындарды жаңылыстырып, жиналған қаражатты басқа мақсатта пайдалануы мүмкін», – делінген ҚМДБ-ның ресми хабарламасында.

Діни басқарма азаматтарды беймәлім сайттар мен күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырды.

Контекст

Мамырда әлеуметтік желілер мен БАҚ-та бір имамның «ер гинеколог – харам» деген сөзі тарады. Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz