Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде кибертыңшылық туралы ақпараттан кейін жоспардан тыс тексеру өтеді. Бұл туралы «Курсив» Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Бұған дейін Қазақстанның дипломатиялық ұйымдарына кибершабуылдар жасалғаны белгілі болды. Расталмаған мәліметтер бойынша, хакерлердің Ресеймен байланысы болуы мүмкін.
Хакерлердің сыртқы істер министрлігінің жүйелеріне жасаған шабуылдары бір жылдан астам уақыттан бері тіркеліп жатыр. Цифрлық даму министрлігі бұл туралы бұрыннан білген, бірақ тек Франциялық Sekoia компаниясының есебінен кейін тексеру жүргізуге шешім қабылдаған.
Дегенмен, кибершабуылдардың Ресеймен байланысы туралы министрлік әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Контекст
Былтыр қарашада министр Жаслан Мадиев үкімет отырысында Қазақстан азаматтарының жеке деректерін қорғау үшін «ақ хакерлер» тартылып жатқанын мәлімдеген.