Исландияда 100 мың әйел митиңге шықты

24 қазанда Исландияда 100 мың әйел митиңге шықты. Ереуіл 24 сағатқа созылды. Бұл туралы “Азаттық Радиосы” Instagram-парақшасында хабарлады.

Митиңге шыққандар әйелдердің жалақысын көтеруді, елдегі теңсіздік, зорлық-зомбылық мәселесіне баса назар аударуды талап етті.

Наразылыққа балық өнеркәсібінің қызметкерлері, мұғалімдер, медбикелер және тағы басқа маман иелері қатысты. Олардың қатарында Исландияның премьер-министрі Катрин Якобсдоуттир де бар. The Guardian басылымның хабарлауынша, бұл күні он мыңдаған адам жұмысқа шықпаған.

Айта кетері, Исландияда әйелдердің мұндай ереуілі кейінгі рет 1975 жылы болған.

Factcheck.kz