SpaceX пен Tesla компанияларының негізін қалаушы, кәсіпкер Илон Маск 5 шілдеде өзінің X әлеуметтік желісінде «Америка партиясын» (America’s Party) құратынын жариялады. Бұл туралы BES.media хабарлады.
Бұл мәлімдеме Маск жүргізген сауалнамадан кейін жасалды. Сауалнамаға шамамен 1,3 миллион адам қатысқан. Олардың 65 проценттен астамы АҚШ-тағы екі негізгі партияға балама болатын үшінші саяси күштің құрылуын қолдаған.
«2-ге 1 қатынасы: сіздер жаңа саяси партияны қалайсыздар – сіздер оны аласыздар! Мемлекеттің ысырап пен жемқорлық салдарынан банкротқа ұшырауы туралы сөз болғанда, біз шын мәнінде демократияда емес, бірпартиялы жүйеде өмір сүріп жатырмыз», – деп жазды Маск.
Илон Масктың бұл мәлімдемесін АҚШ президенті Дональд Трамппен арадағы шиеленісі күшейіп тұрған сәтте жариялады. Шиеленіс Трамп қол қойған жаңа салық заңы мен мемлекеттік қарыз шегінің көтерілу ықтималдығынан кейін өрши түскен. Маск бұл бастамаларды ашық сынап, оларды ел болашағы үшін қауіпті деп атады.
Жауап ретінде Трамп Масктың компаниялары Tesla мен SpaceX алған мемлекеттік субсидияларды тексеретінін ескертті.