Google бірқатар ресейлік БАҚ үшін монетизацияны тоқтатты

Google бірқатар ресейлік БАҚ үшін монетизацияны тоқтатты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Компания мемлекет қаржыландыратын ресейлік БАҚ-қа өз ресурстарында жарнама орналастыруға тыйым салды.

Бұған дейін Meta дәл осындай шараны жүзеге асыруға шешім қабылдады. Бұл шешімнің Украинадағы жағдайға байланысты екені айтылды. Meta да Ресей билігінің Facebook желісіндегі медиа-аккаунттарына қойылған шектеулерді алып тастау талаптарын орындаудан бас тартқан.

Factcheck.kz