Голливуд белгісі өртеніп жатқан видео – фейк

9 қаңтарда Лос-Анджелестегі Голливуд белгісін жалын шарпып жатқан видео мен сурет лезде тарады. Бейнежазба 100 мыңнан аса қаралым жинаған.

Голливуд белгісі өртеніп жатқан видео - фейк
Скрин X желісінен алынған.

Snopes басылымы бұл ақпаратты жалған деп мәлімдеді. Суреттің шетінде Grok XI белгісі тұр, бұл оның жасанды интеллект арқылы жасалғанын білдіреді. Ал видеоны алғаш рет цифрлық бейнелерді жасайтын @grammysammytiktok аккаунты жариялаған.

Cal Fire және Лос-Анджелес өрт сөндіру бөлімінің (LAFD) мәліметі бойынша, 9 қаңтарда өрт Голливуд белгісінен кемінде үш миль (4.8 км) қашықтықта болған. Hollywoodsign.org веб-сайты да “Гриффит саябағы сақтық үшін уақытша жабылды, бірақ белгінің өзі зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады.

Басты беттегі сурет X желісінен алынған.

Журналист

Factcheck.kz