Фейк: Илон Маск «Зеленскийге арналған соңғы доллар» деген мазақ пост жариялады

Әлеуметтік желілер мен сайттарда Дональд Трамптың жақтаушысы Илон Масктың X желісіндегі аккаунтында «Зеленский үшін соңғы доллар» деген жазба жариялағаны туралы ақпарат тарады (1, 2).

Фейк: Илон Маск «Зеленскийге арналған соңғы доллар» деген мазақ пост жариялады
Скриншот — facebook.com

Stopfake.org журналистерінің жазуы бойыншы бұл – фейк ақпарат. Шын мәнінде, Илон Масктың Х-тегі ресми аккаунтында «Зеленский үшін соңғы доллар» туралы жазба жоқ. Пост Украинаның беделін түсіру мақсатында ойдан шығарылған.

Скриншотта көрсетілген 2024 жылдың 6 қарашасында да, одан бұрын да американлық миллиардер «Зеленский үшін соңғы доллар» туралы пост жарияламаған. Сонымен қатар, Украинаның жалған ақпаратқа қарсы орталығы да бұл фейкке қарсы шығып, оны «манипуляция мен арандату үшін жасалған фантастика» деп мәлімдеді.

Бір қызығы, фейк жазбалар АҚШ-тағы президенттік сайлауда Республикалық кандидат Дональд Трамптың жеңіске жеткені белгілі болғаннан кейін бірден желіде тарай бастаған. Трамп осы уақытқа дейін Украина президенті Владимир Зеленскийге деген сыни көзқарасымен танымал. АҚШ-тың жаңа президенті Зеленскийді «тарихтағы ең үлкен саудагер» деп те атаған. Бұл сөзі Украина президентінің соғысқа қаржылай және әскери көмек сұрағаны үшін айтылған еді.

Ресейлік пропоганда үнемі Украинаның батыс серіктестерінің қолдауына нұқсан келтіруге тырысады және «Батыс Украинадан бас тартты», «Ресей Федерациясы соғыста жеңіске жетеді» деген жазбаларды да жиі таратады.

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz