Фактчек | Қырғызстандағы НЛО туралы бейне рас па?

Инстаграм және Тик-ток желісінде Чолпон-Ата қаласындағы (Қырғызстан) метеостанцияның үстінде ілулі тұрған НЛО бейнеленген видео пайда болды. Видео авторы — Aslan атты блогер. Factcheck.kg редакциясы видеоға қаншалықты сенуге болатынын анықтады.

Видео авторының айтуынша, видео смартфонға түсірілген. Бірнеше күн ішінде видео тиктокта 4 миллионнан астам және инстаграмда 1 миллионға жуық қаралым жинады. Видео тіпті қазақстандық сайттарда жарияланған.

Фактчекерлердің анықтауынша, қалаға НЛО келгені туралы желіде тараған видеодан басқа еш жерде, яғни, фото, видео және т.б. ақпарат жарияланбаған. Ал аспанда мынадай үлкен ұшатын нысанның келуін байқамай қалу мүмкін емес.

Сонымен қатар, журналистердің жазуынша, видеода «Район №9» (District 9) фильміндегі ғарыш кемесіне ұқсайтын элементтерді байқауға болады. Яғни, видео, монтаждалған.

Фактчекерлер InVID қызметін пайдаланып, видеоны бірнеше кадрға бөлген. Бұл қосымша видеоны егжей-тегжей тексеруге мүмкіндік береді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz