ChatGPT енді Box пен Dropbox құжаттарын да талдай алады

OpenAI компаниясы ChatGPT платформасын тек әңгімелесетін көмекші емес, аналитикалық құралға айналдыру жолында қарқынды жұмыс істеп жатыр. Енді Deep Research құралына Box және Dropbox бұлттық сақтау жүйелерін қосуға болады. Бұл туралы SecurityLab жазды.

Deep Research-тің басты ерекшелігі — жүйе өздігінен ақпарат іздеп, әртүрлі дереккөздерден жинаған мәліметтер негізінде толыққанды зерттеу немесе талдау дайындайды. Бұрын тек интернеттегі мәліметтерге сүйенсе, енді пайдаланушылар бұлтта сақталған ішкі файлдарын да осы құралға қосып, ЖИ жұмыс ауқымын кеңейте алады. Бұл жаңалық ірі компаниялар мен зерттеу ұйымдары үшін ерекше маңызды, себебі құжаттар тек ашық интернетте емес, көп жағдайда бұлтта сақталады.

Бұған дейін Deep Research GitHub және OneDrive жүйелерімен жұмыс істей алатын. Енді Box пен Dropbox интеграциясы арқылы OpenAI корпоративтік қолданушыларға бағытын дамытып отыр.

Компанияның жоспары мұнымен бітпейді. Алдағы уақытта MCP интерфейсі арқылы ішкі корпоративтік қосымшаларды, білім базаларын және арнайы платформаларды да қосуға болады. Бұл интеллектуалды агентті ұйымның толыққанды сарапшысына айналдырып, аналитикалық жұмыс процесін түбегейлі автоматтандыруға жол ашады.

OpenAI бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатқанын растады, алайда жаңа функциялардың нақты шығу мерзімі әлі белгісіз.

Журналист

Factcheck.kz