Character AI өз уеб-қосымшаларына ойын енгізіп жатыр

Character AI платформасы қолданушыларға ЖИ негізіндегі кейіпкерлермен сөйлесуге мүмкіндік беріп қана қоймай, енді өз уеб-қосымшаларына ойындар енгізіп, аудиторияны қызықтыруды қолға алды. Бұл туралы TechCrunch жазды.

Қазіргі бұл функция тестілеуден өтіп жатыр және Character AI-дің ақылы жазылушылары мен арнайы қолданушыларына ғана қолжетімді. Бастапқы шығарылымда Speakeasy және War of Words ойындары енгізілген.

Speakeasy ойынында қолданушы ботқа белгілі бір сөзді жасыруы керек, бірақ бес тыйым салынған сөзді қолдануға болмайды. Мысалы, ботқа «круассан» сөзін жасырсаңыз, «піскен нан», «май», «пісір», «француз» және «қатпарлы қамыр» сөздерін айтпайсыз. Ал War of Words ойынында пайдаланушы цифрлық кейіпкермен сөз жарыстырады, бес раундтың әрқайсысында жеңімпазды жасанды интеллект төрешісі анықтайды.

«Біздің мақсатымыз – Character AI-ді одан әрі қызықты әрі көңілді ету. Қазір қолданушылардың сүйікті кейіпкерімен ойын ойнауға мүмкіндік беретін функцияны сынап жатырмыз», – дейді компания өкілі.

YouTube, LinkedIn және Netflix сияқты платформалар ойындар енгізу арқылы қолданушылардың белсенділігін арттырған. Character AI осындай қадаммен пайдаланушыларды платформада ұзақ уақыт ұстауды мақсат етіп отыр. Sensor Tower аналитикалық компаниясының мәліметінше, Character AI қолданушылары қосымшада орта есеппен күніне 98 минут уақыт өткізеді.

Журналист

Factcheck.kz