“Бір жапырағын жесең, бір апта тоқ жүресің”: калир-канда деген өсімдіктің бары рас па?

Бірнеше жылдан бері орыс тіліндегі ресурста “үнділердің калир-канда өсімдігінің бір-екі жапырағын жесе, бір апта бойы тоқ жүреді” деген ақпарат тарап жүр. “Проверено” басылымы деректі тексерді.

Фактчекерлер мынадай қорытындыға келді:
1. Орыс тіліндегі ресурстан басқа интернет кеңістігінде калир-канда деген өсімдік туралы ақпарат жоқ. Мәскеу мемлекеттік университетінің цифрлық гербарий базасында да, Ресейдің Орталық ғылыми ауылшаруашылық кітапханасының деректер базасында да ғажайып өсімдік туралы ақпарат табылмады.

2. Ағылшын тіліндегі сегменттен дәл орысша нұсқаның сөзбе-сөз қайталанған бірнеше пост табылды. Дегенмен Britannica-да, Өсімдіктердің атауын көрсететін халықаралық базасында, Global Plants деген дүниежүзіндегі ең ірі цифрланған мәліметтер базасында және әлеуметтік желіде оған қатысты дерек жоқ.

3. Кейбір орыс тіліндегі дереккөзде өсімдіктің хинди тіліндегі атауын पेट मूर्ख деп жазған. Бірақ бұл сөз тіркесінің мағынасы “калир-канда” емес, “пет мурх”. Ал аудармасы шынымен де “асқазан ақымағы” дегенді білдіреді. Интернеттен сөз тіркесі арқылы ақпарат іздесек те, адамға бір апта бойы тоқ жүруге мүмкіндік беретін өсімдік жапырағы туралы ештеңе шықпады.

4. Калир-канда туралы пост жариялаған қолданушылар өсімдік суреті деп әртүрлі тұқым мен жапырақтың иллюстрациясын қолданған. Мысалы, бір жазбада калир-канда ретінде нан ағашының суреті берілген. Ал ол өсімдіктің мұндай қасиеті жоқ.

5. Оған қоса құрамында калир-канда бар биологиялық белсенді қоспалар және оның арықтатыны туралы ақпарат 2012-2013 жылдары тарады. Бірақ бұл өнім материалды жазып жатқанда сатылып жүрген барлық биологиялық белсенді қоспа туралы деректер енгізілетін Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің тізімінен табылмады.

6. Оларды сатқан бірде-бір сайт қазір істемейді. Дегенмен уеб-сайттың архивіне сүйенсек, сатушылар өнімнің арықтауға, көңіл-күйді көтеруге, тіпті потенцияны емдеуге көмектесетінін айтқан.

7. Бұл ақпараттың тарағанына биологиялық белсенді қоспаларды жасағандар себеп болса керек.

Осылайша, калир-канда деген өсімдіктің бары жалған.

Factcheck.kz