27 мамырда Темірлан Еңсебек ісі бойынша өткен апелляциялық сотта белсендіге қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Бұл туралы «Тіл кеспек жоқ» хабарлады.
Бұған дейін Темірлан Еңсебектің қалыңдығы Мария Кочнева сот WhatsApp арқылы онлайн өтетінін хабарлаған.
11 сәуірде Алматы қаласындағы Наурызбай аудандық соты Темірлан Еңсебектің бостандығын бес жылға шектеген. Оған қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға, журналист болып жұмыс істеуге, БАҚ-қа сұхбат беруге тыйым салынды.
Сот Еңсебекті Қылмыстық кодекстің 174-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Бұған дейін прокурор Дидар Қабаев айыптау актісінде Темірлан Еңсебектің Qaznews24 парақшасының әкімшісі ретінде 2024 жылғы 21 қаңтарда «Қазақстандық рэперлер Канделакиге арналған трек жазды» деген тақырыппен жазба жариялағаны көрсетілгенін айтқан.
Басты беттегі сурет Qaznews24 парақшасынан алынды.