АҚШ-тың Израильге 8 миллиард доллар беретіні жазылған құжат шынайы ма?

Интернетте АҚШ үкіметінің Израильге 8 миллиард доллар көлемінде әскери қаражат бөлуді мақұлдағанын көрсететін құжат тарап жатыр. Бірақ бұл сурет фейк болып шықты. Бұл туралы Reuters Factcheck хабарлады.

Әлеуметтік желі қолданушылары құжаттың суретін Facebook пен X платформасында (бұрынғы Twitter) бөлісіп жатыр. 2023 жылғы 7 қазандағы Ақ үй құжатының суретінде АҚШ президенті Джо Байден Израильге көмектесу мақсатында «Қорғаныс министрлігіне қорғаныс тауарлары мен қызметі үшін 8 миллиард долларға дейін қолдануға» рұқсат бергені айтылған.

Алайда фактчекерлер аталған құжатты Ақ үйдің конференц-залының уеб-сайтынан таба алмады. Ал сурет 2023 жылғы 25 шілдеде Украинаға 400 миллион доллар көлемінде көмек беру туралы меморандумның өзгертілген нұсқасы болып шықты.

Фактчекерлер осы мәселеге қатысты Ақ үйге сауал жолдаған. Бірақ материал жарияланғанға дейін олардан ешқандай жауап келмеген.

Осылайша, фактчекерлер қолда бар ақпаратқа сүйеніп, фото өңделген
деген қорытындыға келді.

Factcheck.kz