АҚШ Орманы қызметі туристерді қар адамынан қорғануға шақырған ба?

25 маусымда Facebook-те Аризона штатында жарияланған АҚШ Орманы қызметінің ескерту мәтінінің суреті тарады. Онда қар адамынан қорғанудың нұсқауы жазылған деседі. USA Today фактчекерлері ақпараттың қаншалық шын екенін тексерді.

АҚШ Орманы қызметі туристерді қар адамынан қорғануға шақырған ба?

«Бигфут туралы ескерту! Демалушылардың назарына: Керн өзеніндегі ағынның жоғарылауына байланысты Бигфут өзен жағасындағы балық және өсімдікпен қоректену үшін биік таудан түседі», – делінген мәтінде.

Кейін туристер сипатталған тіршілік иесін байқаған жағдайда не істеу керек екені туралы нұсқаулар тізбектелген. Мысалы, жануардан қашпауға, оған айқайламауға, оның орнына “өз ісімен айналысып”, суретке түсуге кеңес береді.

Алайда АҚШ Орман қызметі фактчекерлерге мұндай ескерту жасамағанын айтты. Оған қоса ұйым Бигфуттың бар екенін растамады. Оның үстіне, Керн өзені Аризона емес, Калифорнияда.

“Мұны әзіл деп қабылдадық”, – деді Орман қызметі өкілі Джон Винн.

“Адамдар Ұлттық орман шаруашылығы жерлерінен қар адамын көрсе, біз орман қызметінің ресми бланкісін міндетті түрде қолданамыз”, – деп қосты ол.

Айта кетейік, 2015 жылы АҚШ Орман қызметі 1 сәуір — күлкі күніне орай, қар адамының бар екені туралы пресс-релиз жариялаған. Дегенмен, кейін бұл ақпараттың миф екенін мәлімдеді.

Factcheck.kz