30-31 қазанда Астанада Орталық Азияның жетекші зерттеу және талдау ұйымдарының басын қосатын жыл сайынғы диалог алаңы – үшінші Central Asian Think Tanks Forum өтеді.
Биылғы форум демократиялық құндылықтарды бірлесе нығайтып, азаматтық қоғам үшін алаңды кеңейту мақсатында құқық қорғау ұйымдары мен сараптама орталықтары арасындағы өзара қарым-қатынасты күшейту үшін қолданбалы шешімдерді іздеуге бағытталған.
Форумда өңірлік саясаттың өзекті мәселелері, оның ішінде адам құқықтарын қорғаудағы сараптама орталықтарының (think tanks) рөлі талқыланып, Қазақстандағы саяси құндылықтардың ландшафты туралы зерттеу таныстырылады.
Басты спикерлердің қатарында:
- Евгений Жовтис, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы, Қазақстан;
- Медет Тюлегенов, Орталық Азия Университеті, Қырғызстан;
- Тимур Карпов, 139 Documentary Center, Өзбекстан.
Paperlab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев форумның негізгі аспектілерінің бірі Орталық Азияның сараптама орталықтарын нығайту және олардың адам құқықтарын нығайтудағы рөлін күшейту екенін атап өтті. Әсіресе, бұл өңірлік және жаһандық деңгейдегі заманауи сын-қатерлер жағдайында маңызды.
«Біздің форум үшінші жыл қатарынан жетекші тәуелсіз зерттеу және сараптама орталықтарының басын қосып келеді. Бұл осы алаңның қаншалықты маңызды және өзекті екенін көрсетеді. Биыл біз аймақтағы адам құқықтарын және оларды нығайтуда аналитиканың қалай көмектесе алатынын талқылаймыз. Сондай-ақ, біз think tanks-тің мықты және тұрақты болуына көмектесетін бірқатар іс-шара жоспарлап отырмыз. Осылайша біз форум қатысушылары бір-бірінен үйреніп, тәуелсіз зерттеулерді дамыту үшін біріге алатын жақсы дәстүр қалыптастырамыз».
Серік Бейсембаев
Іс-шараға дәстүрлі түрде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан 50-ге жуық сараптамаорталықтардың шақырылған өкілдері мен зерттеушілері қатысады. Paperlab YouTube арнасында басты спикерлер мен презентациялардың жазбасы жарияланады.
CAPS Unlock атқарушы директоры Аида Айдарқұлова аймақтағы және жаһандық дағдарыс кезеңіндегі think tanks-тің аймақтағы рөлі мен ынтымақтастығын атап өтті.
«Біз Орталық Азия өңіріндегі сараптама орталықтарының өзара қарым-қатынасына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз. Осы тұрғыдан алғанда, біздің үшінші CA TT Forum енді ізашар ғана емес, идея алмасатын және ынтымақтастықтың қалыптасқан платформасы саналады.
Сараптама орталықтарының саясатқа, қоғамдық пікірге және оң әлеуметтік өзгерістерге әсер ету қабілеті ұжымдық күш-жігердің арқасында бірнеше есе артады. Басқа орталықтармен, ғылыми қауымдастықпен, мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам ұйымдарымен және жеке меншік секторымен бірлесе және ынтымақтаса отырып, біз көкжиекті кеңейтіп қана қоймай, әртүрлі деңгейде ақпараттан хабардар шешім қабылдауды алға тартуға үлесімізді қосамыз».
Аида Айдарқұлова