ЖАЛҒАН | 2016 жылы 500 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген

«2016 жылы 500 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық көрді. Республика бойынша ең көп зәбір көретін Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары». «Хабар» арнасындағы «Біздің назарда» бағдарламасында осындай дерек айтылды.

Үкім: Жалған

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті берген мәліметіне сәйкес, 2016 жылы 200 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен.

Облыстарға тоқталатын болсақ,  әйелдерге қатысты тіркелген тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі ең көп Шығыс Қазақстан облысында тіркелген екен.    

 

Қазақстан мен Орталық Азиядағы фактчекинг. Орталық Азиядағы алғашқы фактчекинг ресурсы. 2017 жылдың мамыр айында ашылған. Халықаралық фактчекинг ұйымдар желісінің (IFCN) мүшесі.

Factcheck.kz