Бір апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Канаданы 51-ші штат ретінде қосып алғысы келетінін айтты. Ал желі қолданушылары әлдебір ресми уеб-сайттың скриншотын «АҚШ солтүстіктегі көршісіне иелік етеді» деген мәлімдемемен жариялады. AFP Fact Check қызметкерлері ақпараттың рас-өтірігін тексерді.
«АҚШ корпорациясына» тиесілі «Канада корпорациясы» туралы хабарламалар Facebook, X және TikTok-та тарады.
“Біз Канадаға иелік етеміз…Трамп бұны енді жариялап жатыр”, — делінген 8 қаңтардағы жазбада. Скриншотта «Канада» жазуын және «компания» туралы ақпаратты байқайсыз.

Фактчекерлердің анықтауынша, скринде Канаданың АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (SEC) тіркелгені көрсетілген. АҚШ-та бағалы қағаз сататын кез келген шетелдік үкімет осы деректер базасына тіркелуге міндетті.
Сондықтан «АҚШ Канадаға иелік етеді» деген мәлімдеме шындыққа жанаспайды.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.