Бүкіл әлем көз тіккен Мьянмадағы оқиғаларға қатысты интернетте және әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар күн сайын емес, секунд сайын артуда. Жалған суреттер мен видеолар туралы жақында ВВС талдау жасап, жазған еді.
Осы жайттарға қатысты Youtube.com порталы мен Whatsapp мессенджерінде кеңінен таралып жатқан «Буддист мұсылман баланы қинауда» деген видео да шындыққа жанаспайды. Оның Мьянмадағы оқиғаға еш қатысы жоқ.

Үкім: Жалған
Бұл видео порталда өткен (2016 ж.) жылы Камбоджадағы оқиғаларға қатысты жарияланған болатын.

youtube.com порталынан алынды
Бұл жайтқа қатысты жергілікті басылымдарда бірнеше материал жазған болатын. Арабиялық ақпарат растығын тексеруге арналған No Rumors жоғарыдағы видеоға қатысты зерттеу жүргізген еді. Ол кезде де бұл видеоны Мьянмадағы оқиғалармен байланыстырғандар көп болған.
The Cambodia Daily басылымы болса, видео ғаламторда жарияланғаннан кейін полиция арнайы тергеу жұмыстарын жүргізіп, оқиғаға қатысты деген 3 адамды тұтқындағанын жазады. Күдіктілердің біреуі Нидерланды азаматы болса, қалған екеуі Камбоджа азаматы, ал бүлдіршінді жәбірлеген азамат Вьетнам тұрғыны екен.

Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.