COVID-19 пандемиясы НАТО-ның әскери операциясы ма?

Желіде Нидерланд денсаулық сақтау министрі Флер Агеманың «COVID-19 – НАТО-ның әскери операциясы» деп айтқаны туралы мақаланың скрині тарады. Reuters порталы ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Мақала Slay News деп аталатын уеб-сайтта жарияланған. Онда Денсаулық сақтау министрі Флер Агеманың «пандемия НАТО мен Голландияның терроризмге қарсы күрес агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік және терроризмге қарсы үйлестіруші жүргізген “әскери операция”» деп айтқаны жазылған.

Одан бөлек сайтта министрдің 24 қазанда Нидерланд Парламентінде голланд тілінде сөйлеген видеосы шыққан, оған ағылшын тіліндегі субтитрлер берілген.

Reuters агенттігі видеоның толық нұсқасы мен аудармасын мұқият қарап шықты. Шын мәнінде, видеода Агема Нидерланд НАТО-ның пандемияға дайындық жөніндегі міндеттемелерін орындауы керек екенін айтады, бірақ COVID-19 пандемиясын НАТО-ның “әскери операциясы” деп айтпаған. Сол себепті желіде тарап жатқан мақала – жалған.

Журналист

Factcheck.kz