Ауылдағы әйел кәсіпкерлер саны 2 млн-ға жуық па?

13 қарашада Atameken business телеарнасы Президент жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымына сілтеме жасай отырып, ауылда тұратын төрт миллион әйелдің жартысына жуығы кәсіпкер деген ақпарат таратты. Factcheck.kz деректің қаншалықты рас екенін тексерді.

Ауылда тұратын 4 млн әйелдің жартысына жуығы кәсіпкер.      

Аtameken Business Ләззат Рамазановаға сілтей отырып хабарлайды

Үкім: Манипуляция

Ләззат Рамазанова нақты не айтқысы келгені бізге беймәлім, алайда бұл манипуляция. Ресми дерек бойынша ауылда 3 823 242 әйел тұрады.

Ауылдағы әйел кәсіпкерлер саны 2 млн-ға жуық па?
Ауылда тұратын әйелдер саны
Дереккөз: Статистика бюросының ақпараттық-талдамалық жүйесі

Статистикалық дерекке сай, еліміздегі кәсіпкер қыз-келіншектің жалпы саны екі миллионға жетпейді. 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Қазақстанда әйел адамдар басқаратын Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілер саны – 575 524. Оның ішінде заңды тұлға – 73 265, жеке кәсіпкер – 449 987, шаруа (фермерлік) қожалық – 52 272. Дегенмен, бұл көрсеткіш 2017 жылдан бері артып келе жатқаны байқалады.

Фактчекер-журналист. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өтті, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы.

Factcheck.kz