Алаяқтар Instagram-да Бурабай қонақүйінің фейк аккаунтын ашқан

Астана тұрғыны Instagram желісіндегі фейк аккаунтпен хат алмасып, «Бурабай» шипажайынан қонақүйге тапсырыс бермек болған. Тіпті бейтаныс адамға ақша аударған, бірақ кейін көрсетілген жерден қонақүйді таппаған. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

15 қазанда 40 жастағы астаналық тұрғын Instagram әлеуметтік желісінде Бурабай шипажайындағы қонақүйлердің бірінің парақшасы авторының телефон нөмірін алған. Хат алмасу кезінде оған демалыс орындарының бірінен бос үй ұсынған. Брондау үшін «Еуразиялық банк» АҚ банк картасына 190 мың теңге алдын ала төлем жасаған. Ақшаны алғаннан кейін парақшаның иесі байланысқа шықпаған.

Ақмола полиция департаменті

Алаяқтар Instagram-дағы парақшаға қазақстандық шипажай суреттерінің орнына шетелдік фото пейзаждарды жариялаған.

Астаналық тұрғын 14 қазанда курортқа келгенде мекен-жайда қонақ үй жоқ екенін білген. Қазір полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Factcheck.kz