Украинадағы соғыс салдарынан 547 бала қаза тапты

2022 жылғы ақпаннан бері Украинадағы соғыстың салдарынан 547 бала қаза тапты. Оған қоса 1348 бала жараланған. Бұл туралы Украинаның бас прокуратурасы мәлімдеді.

Украинаның Донецк, Херсон, Киев, Запорожье, Днепротепровск және Николаев облыстарында көп бала қаза тапқан.

Ал БҰҰ ЮНИСЕФ қорының мәліметі бойынша, 2022 жылғы ақпаннан бері Украинада 1993 бала өлім құшты немесе жараланды. Дегенмен шынайы көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін.

Factcheck.kz