АҚШ енді Украинанаға көмектеспей ме?

Кейінгі күндері түрлі сайттар мен әлеуметтік желілерде “АҚШ сенаты Украина мен Израилге көмектесуден бас тартты” деген сарында ақпарат тарап жүр. Олардың жазуынша, сенатта республикашылдар қарсы дауыс берген, себебі Мексикадан келетін мигранттар саны күннен күнге артып келеді-мыс. Сол үшін республикашылдар ұоттық қауіпсіздікті алға тартып, бірінші осы мәселені шешуді ұсынды. Аталған деректі Factcheck.kz тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция

6 желтоқсанда АҚШ сенаты расымен де Конгресте Украинаға қаржылай тұрғыда көмек көрсететін заң жобасын өткізбеді. Бұл заң жобасында Израил мен Тайванға да қаржылай көмек қарастырылған. Республикашылдардың көшбасшысы Митч Макконнел Украинаға көмектесуден де маңызды мәселенің бар екенін алға тартып, бірінші кезекте Мексикадан АҚШ-қа келіп жатқан мигранттар мәселесін шешуді талап етіп отыр. Алайда бұл дегеніміз АҚШ Украинаға көмектемсуден толыққанды бас тартты деген сөз емес. Себебі Байден алдағы уақытта Сенаттағы республикашылдармен мәмілеге келетінін айтты.

Республикашылдардың көшбасшысы Митч Макконел Байденнен миграция мәселесін шешуді талап етіп тұрған сәті

АҚШ Президенті Байден республикашылардың бұл әрекетін “Олар Украинаның тізе бүгуіне және ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіруге дайын” деп бағалады. Дегенмен Байден республикашыларды сынға алса да, бұл Конгрестен рұқсат алу үшін Мексикамен шекарадағы мәселені шешуге дайын екенін атап өтті. 10 желтоқсанда Украина президенті әкімшілігі Байденнің шақыруымен Зеленскийдің АҚШ арнайы сапармен баратынын мәлімдеді. Ал 12 желтоқсанда Зеленский Конгресте Сенаттың қос палатасының алдында сөз сөйлеп, Ресеймен арадағы соғыста АҚШ-тың маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz