ЖАЛҒАН | 2016 жылы Қазақстанға бағытталған тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 40%-ға артты

2017 жылдың 31 наурызында ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте 2016 жылы шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) Қазақстанға жалпы ағыны 2015 жылмен салыстырғанда 40%-ға ұлғайып, 20,6 млрд АҚШ доллары болғаны көрсетілді.

http://www.nationalbank.kz/cont/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5%20%D1%81%D0%BE%D0%BE%D0%B1%D1%89%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5_%D0%9D%D0%91%D0%A0%D0%9A_%D0%BF%D1%80%D1%8F%D0%BC%D1%8B%D0%B5%20%D0%B8%D0%BD%D0%B2%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%86%D0%B8%D0%B8_31032017_%D0%BA%D0%B0%D0%B7.pdf

Үкім: Жалған

2016 жылы тікелей инвестициялар ауқымы шынында да айтарлықтай өсті, бірақ 40 пайызға емес.

Қаржы нарығын реттеуші ұйымның сайтында берілген «Қазақстан Республикасының төлем балансы: талдамалық ұсыным» атты есепте жоғарыда көрсетілгендей сандар жоқ.

ҚР Ұлттық банкінің Төлем балансынан үзінді
ҚР Ұлттық банкінің Төлем балансынан үзінді

Дегенмен, «Тікелей инвестициялар» бағанындағы көрсеткіштерді салыстыра отырып, 2015 жылғы 8 771,8 млн АҚШ доллары мен 2016 жылғы 10 926,2 млн АҚШ долларының айырмашылығы 2 154,4 млн АҚШ доллары екенін байқай аламыз. Ендеше, өсім көлемі 20%-дан сәл төмен, яғни жоғарыда мәлім етілген көрсеткіштің тура жартысы дегенді білдіреді.

Ал ақпараттық хабарламада көрсетілгендей, бейрезиденттер қайта инвестициялау табысын 4,9 млрд АҚШ доллардан астамға арттырды дегенге оралсақ, бұл көрсеткіш аталған есепте біраз жылдан бері нөлдік деңгейде тұрған «кері инвестициялау» бағанын еске түсіреді.

Factcheck.kz