Тағы бір алаяқтық: Sportmaster дүкенінен «Nike» сөмкесін мың теңгеге сатып алуға болады

Кейінгі уақытта Facebook әлеуметтік желісінде әртүрлі компания атауларымен алаяқтық жарнамалар көбейіп кетті. Осыған дейін Factcheck.kz редакциясы Zara, Wildberries секілді компаниялардың тауарларымен байланысты алаяқтық анықталғанын жазған еді. Жақында Sportmaster дүкенінен Nike Elemental сөмкесін мың теңгеге сатып алуға болатыны жөнінде ақпарат тарады (1, 2, 3). Factcheck.kz ақпаратты тексерді.

Тағы бір алаяқтық: Sportmaster дүкенінен «Nike» сөмкесін мың теңгеге сатып алуға болады
Желіде тараған ақпараттың скриншоты

Үкім: Алаяқтық

Sportmaster компаниясының өкілі Factcheck.kz-ке бұл алаяқтық екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, жазбадағы сілтемелер Sportmaster-дің ресми сайтының сілтемесі емес. Sportmaster компаниясы Instagram әлеуметтік желісінде осы секілді алаяқтық әрекеттер бар екенін жазған.

Алаяқтықтың белгілері

Жалған сайт: Жазбаларда көрсетілген сілтемелер Sportmaster-дің ресми сайтына сілтемейді. Дүкеннің ресми сайты — sportmaster.kz. Желідегі сілтемелерде «hhbbs.info», «sxvnr.info» атаулы сайттар көрсетілген.

Ескі схема: Sportmaster Instagram әлеуметтік желісінде бұрын да осыған ұқсас алаяқтық схеманың тарағанын көрсетеді. Дүкеннің мәлімдесіндегі суретке мән берсек, Facebook желісіндегі қазір тарап жатқан алақтық мәтініне ұқсас екенін байқаймыз.

Тағы бір алаяқтық: Sportmaster дүкенінен «Nike» сөмкесін мың теңгеге сатып алуға болады

Алаяқтар көрсеткен сайтқа қай күні кірсеңіз, сол күні жеңілдік аяқталады деп көрсетіледі. Бұл да алаяқтықтың кезекті әдісі.

Тағы бір алаяқтық: Sportmaster дүкенінен «Nike» сөмкесін мың теңгеге сатып алуға болады

Жалған пікірлер: Жазба астындағы сөмкені алған адамдардың пікірлерінде көрсетілген суреттер интернеттен алынған.

  • Тағы бір алаяқтық: Sportmaster дүкенінен «Nike» сөмкесін мың теңгеге сатып алуға болады
  • Тағы бір алаяқтық: Sportmaster дүкенінен «Nike» сөмкесін мың теңгеге сатып алуға болады
  • Тағы бір алаяқтық: Sportmaster дүкенінен «Nike» сөмкесін мың теңгеге сатып алуға болады

Алаяқтық үшін ашылған парақшалар: жазбалар жарияланған парақшалар да алаяқтық үшін ашылған. Мәселен жазба жарияланған екі парақшада да суреттер мен өзге де жазбалар алаяқтық туралы пост жарияланған күні салынған. Сондай-ақ, парақшаларда тіркелуші мен лайк басқандар саны жоқ екенін байқауға болады (1, 2). Алаяқтық жазба жариялаған Айжан Саулебек атаулы парақша, Instagarm желісіндегі «altynai_satyyeva» деген аккаунтың суретін қолданған. Айгерим Сериккызы деп көрсетілген екінші парақша да суретін Instagarm-дағы «aaituganova_» атаулы қолданушыдан алған.

Тағы бір алаяқтық: Sportmaster дүкенінен «Nike» сөмкесін мың теңгеге сатып алуға болады


Өзге елде болған алаяқтық: Facebook желісінде осыған ұқсас Филиппин тіліндегі алаяқтық жазба жарияланған. Онда да Nike сөмкесін арзанға алу туралы мәтін бар. Meta бұл жазбаны алаяқтық деп белгіледі.

Тағы бір алаяқтық: Sportmaster дүкенінен «Nike» сөмкесін мың теңгеге сатып алуға болады

Ұқсас алаяқтықтық әрекеттер

Factcheck.kz редакциясы осыған дейін бірнеше брендке байланысты алаяқтық жазбалардың жарияланғанын жазған еді. Осындай алаяқтық схема H&M брендіне қатысты да тараған. Сол кезде компанияның PR-бөлімі Factcheck.kz-ке бұл алаяқтықтың қаңтар айының басында пайда болғанын, ал олар Facebook пен ВКонтакте желілеріндегі Stories арқылы бұл ақпаратты жоққа шығарғанын хабарлады.

Zara компаниясы да 1000 теңгеге тауар сатып жатқаны туралы алаяқтық анықталды. Брендтің иесі Inditex компаниясының Алматыдағы ресми дистрибьюторы Factcheck.kz-ке бұл «акцияға» еш қатысы жоқ екенін және оның алаяқтық екенін мәлімдеген.

Wildberries су басқан қоймадан аман қалған тауарларды таратып жатқаны туралы да алаяқтардың әрекетін көрсеттік. Редакция сол кезде де компанияның баспасөз қызметімен байланысып, бұл алаяқтық екенін жазған.

Жылдың басында Facebook желісінде Алматы әуежайында да шабадандар 1000 теңгеге сатылып жатқаны туралы ақпарат жарияланған еді. Factceck.kz редакциясы бұл ақпараттың да алаяқтық әрекет екенін көрсеткен.

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz