Қытай Израилмен әуе жолдарын түгелдей жапты ма?

Instagram және Threads желілерінде Қытай Израилмен әуе жолдарын түгелдей жапқаны туралы ақпарат тарады (1, 2, 3). Жазбаларда әуе рейстерін мәңгіге тоқтатқаны жазылған. Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.

Қытай Израилмен әуе жолдарын түгелдей жапты ма?

Үкім: Жалған

Қытайдың Азаматтық авиация басқармасы сайтында да, сыртқы істер министрлігінің сайтында да Израильге қатысты жаңалық шықпаған. Жалған жазбадағы дереккөз, яғни «chinese365.org» деген ақпарат таратушы ұйымды таппадық. Сондай-ақ, суретте Ресейдегі Қытай елшілігінің кеңесшісі Фэн Литао бейнелеген. Яғни оның авиацияға қатысы жоқ. Ақпаратты алғаш жариялаған «Repost.media.official» бұған дейін де жалған ақпарат таратқан.

Толығырақ

12 мамыр күні «Repost.media.official» атаулы Instagram парақшасы «Қытай халқы Израил үшін әуе жолдарын түгелдей жапты және әуе рейстерін мәңгіге тоқтатты» деген тақырыпта жазба жариялайды. Кейіннен жазба суретін бірнеше парақша бөліседі. 6 мамыр күні Қытай сыртқы істер министрінің өкілі Линь Цзянь арнайы брифиңде Қытай қазіргі Палестина-Израиль жағдайына қатты алаңдап, Израильдің Газадағы әскери операцияларын жалғастыруына қарсылық білдертінін айтқан. Жалған ақпаратқа осы жағдай түрткі болған секілді. Бірақ, одан кейінгі брифиңдер мен министрліктің жаңалықтар бөлімінде Израильге қатысты жаңалық жоқ. Мамырдың 4-і күні Иемен хуситтерінің зымыраны Израильдың Бен-Гурион әуежайы маңына құлаған еді. Осыдан соң бірнеше әуе компаниясы Израильге ұшатын ұшақтарды тоқтатқан. Ақпараттың тарауына осы жаңалық та себеп болған секілді.

Тараған жазбалардан бірнеше жалған фактілерді байқауға болады. Біріншіден «Қытай әуе кеңесінің призендті» деген ресми орган мен шен жоқ. Қытайда әуе жолдарына жауапты Азаматтық Авиация Басқармасы. Екіншіден оның басшысы Ли Цян емес, Сон Чжиюн. Ал, Ли Цян Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері. Үшіншіден жазбаның суретіндегі авиацияға жауапты Фэн Чжэнлинь де емес, премьер-министр Ли Цян де емес, Ресей Федерациясындағы Қытай елшілігінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі, Мәскеудегі Қытай мәдени орталығының директоры – Фэн Литао. Төртіншіден жазба авторы дереккөз қалдыратын chinese365.org деген ақпарат таратушы ұйымды таппадық.

Ақпаратты алғаш жазған «Repost.media.official» осыған дейін де бірнеше рет жалған ақпарат таратқан. Мысалы, Factcheck.kz редакциясы бұл парақшаның «Ташкентте адамға ұқсас қозы туылғаны» туралы ақпаратын терістеген. Сондай-ақ, «қос Корея біріккелі жатыр» деген жазбасының да жалған екенін жаздық.

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz