Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің: «Ескі үйлер мәселесін шешу, апатты үйлерде тұратын азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Астанада апатты үйлерді бұзу бойынша жоба іске асырылуда», – деген пікірі шындыққа жанасады.
Астана тұрғын үйлер инфографикаАстана тұрғын үйлер инфографика
Астанада қазіргі таңда 1940-1980 жылдар аралығында салынған 228 апатты үй бар. «Сарыарқа» ауданы бойынша – 129 үй, «Алматы» ауданы бойынша – 78 үй және «Есіл» ауданы бойынша – 21 үй. Соның 117-сінен 1500-ден аса отбасы жаңа пәтерлерге көшірілді. Осындай ақпаратты бірқатар сайттар Елорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлап отыр. Ал Астана қаласы әкімдігінің сайтында былай жазылған:

Байқағанымыздай, қаланың ресми сайты Тұрғын үй басқармасының мәліметтеріне сәйкес ақпарат таратқан. Әкімдіктің айтуынша, тозу деңгейі жоғары 1940-1980 жылдардағы салынған үйлер түгелімен бұзылады. Ал, тұрғындары жаңа пәтерлерге көшеді.
«Астана ақшамы» газетінің ресми сайтында «Сұрықсыз үйлер қашан сүріледі?» атты мақала жарық көрген.


Мақалада жазылғандай, Астанадағы апатты үйлерді бұзу «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Ал «Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – ескірген үйлерді жаңадан салу:

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Асхат Елеужановпен сұхбаттасыпты.
Асхат Елеужанов былай дейді:
Бұл ретте 2013 жылдың аяғынан бастап 2016 жылға дейін 117 апатты үйдің тұрғындарына, яғни 1570 отбасына жаңа пәтер берілгенін айту керек. Қалған 111 апатты үйде тұратын 1870 отбасы шамамен жылдың соңына дейін жаңа үйлерге көшетін болады.
Ақпарат шындыққа сәйкес келеді. 1500-ден аса отбасының қазіргі таңда жаңа пәтерде тұрып жатқанын Асхат Елеужанов мырза да растап отыр.

Ал, 2017 жылы қаңтар – наурыз айларында Астанадағы тұрғын үй құрылысына 29013,2 млн тг инвестиция бөлінген екен. Нәтижесінде 907289 шаршы метр болатын 8967 пәтерлік тұрғын үйлер халыққа пайдалануға берілген.

Қазіргі таңда Астанада тозу қаупі бар ескі үйден 1570 отбасының жаңа пәтерлерге көшкені шындыққа сәйкес келеді. Астана қаласының ресми сайты таратқан ақпарат пен «Астана ақшамы» жариялаған мақала Статистика комитеті жариялаған мәліметтермен сәйкес келеді.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.