Фактчек | «Сергек» жобасы халықаралық байқауда жеңіске жетті

Көптеген қазақстандық БАҚ «Ақылды қалалар мен қоғамдастықтар» байқауында «Сергек» үздік жоба деп танылғанын жарыса жазды.

Фактчек | «Сергек» жобасы халықаралық байқауда жеңіске жетті
lada.kz сайтынан скриншот

IDC (International Data Corporation) 2020 жылдың 10 желтоқсанында Smart City  форумын өткізіп, бес санат бойынша түрлі жобаларды марапаттады. Іс-шара Еуропа және Орта Азия елдері арасында ұйымдастырылған.

Үкім: Шындық

2020 жылы Алматы мен Астанадағы «Сергек» шынында «Ақылды қозғалыс» (Intelligent Transportation) аталымы бойынша жеңіске жетті.

Фактчек | «Сергек» жобасы халықаралық байқауда жеңіске жетті

Бұл номинацияға интеллектуалды транспорттық жүйе саласындағы жобалар қатысқан. Марапаттау рәсімінің толық видеосын алдын ала тіркеліп, ұйымдастырушылардың сайтынан көруге болады.

IDC компаниясы және байқау туралы

IDC маркетинг зерттеулері, кеңес, сондай-ақ ақпараттық технология, телекоммуникация және тұтынушы технологиясы нарығындағы іс-шаралар саласында қызмет көрсетеді. IDC – IDG (International Data Group) мекемесіне  еншілес компания.

IDC Digital Transformation Awards сыйлығы – өңірлік бағдарлама, оның аясында IDC DX Awards сыйлығы цифрлық және озық технологиялардың көмегімен кәсібінің бір немесе бірнеше бағытын сәтті түрде цифрландырған ұйымдарға беріледі.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz