Қаңтардың 16-сында “ҚазТАГ” ақпарат агенттігі Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қала экономикасы туралы айтқан бірнеше мәлімдемесін жазып, материал жариялады:
- Шағын және орта бизнес (ШОБ) тауарларының көлемі – 21,2 пайызға, салық 9 пайызға өсті;
- Инвестиция – 10,5 пайызға, өндіріс көлемі – 4,5 пайызға, құрылыс 4,7 пайызға өсті;
- 2018 жылы көтерме сауда – 2,5 пайызға, бөлшек сауда 12,3 пайызға артты.
Осы мәлімдемелерді блиц-фактчекке салып, тексеріп көрейік.
Мәлімдеме: Шағын және орта бизнес тауарларының көлемі 21,2% өсті
Үкім: Үкімі жоқ
2018 жылдың қаңтар-желтоқсанына арналған “Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық өсімінің қысқаша статистикалық бюллетенінде” Алматыдағы ШОБ өсіміне қатысты мынадай дерек көрсетілген:
Көріп тұрғандарыңыздай, былтыр қаңтар-қыркүйек айларында ШОБ тауарлары 2017 жылдың тап сол кезеңімен салыстырғанда 21,2 пайызға өскен. Толық 12 айдың деректерін, өкінішке қарай, таба алмадық. Дегенмен, статистика өсім бар екенін көрсетеді.
Мәлімдеме: Бюджетке түсетін салық 9% өсті
Үкім: Үкімі жоқ
Әкім республикалық бюджетке түсетін салық пен төлемді айтты ма, әлде шағын және орта бизнестен түсетін салықты айтты ма – түсініксіз. Сондықтан жалпы қарастырып көрейік.
Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің статистикасына қараңыз.
2018 жылы бюджетке Алматыдан түскен салық пен төлем – 1 804 670 941 мың теңге.
2017 жылы — 1 769 472 114 мың теңге.
Бұл – Алматыға түсетін салық пен төлем бір жылда дөңгелектеп алғанда 2 пайызға өсті деген сөз.
Алматы бюджетіне ШОБ-тан түсетін төлемдер
Ревизиялық комиссия Алматының 2018 жылғы есебін ашық дереккөздерде әлі жариялаған жоқ. Тек былтырғы жылғы қорытынды ақпарат қана бар. Сондықтан мұның рас-өтірігін қалалық кәсіпкерлікті басқару және инновациялық-индустриалдық даму басқармасының деректеріне қарап айта аламыз.

2018 жылдың 9 айында ШОБ-тан бюджетке түскен қаржы 2017 жылдың тап сол кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға аз болғанымен (62% және 63%), былтырғы тоғыз айда өсім 9 пайызға жетті.
“2020 жылға қарай ШОБ үлесін 40 пайызға жеткізу” деген сөзіне келсек – былтыр тамызда-ақ өңірдің жалпы өнімінде шағын және орта бизнес 38,5 пайыз екені айтылған.
Мәлімдеме: “Инвестиция — 10,5%, өндіріс көлемі — 4,5%, құрылыс — 4,7%, көтерме сауда — 2,5%, бөлшек сауда — 12,3% өсті”
Үкім: Шындық
Статистика департаменті жариялаған “2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы” есебінде мынадай ақпарат берілген:
Алматы әкімі осы жолғы баяндамасында статистиканы барынша сақ қолданған деуге болады. Мәлімдемелерді тексеру кезінде біз ашық деректерге сүйенеміз – бұл жолы Статистика комитеті мен департаментінің, Қаржы министрлігінің деректерін негізге алдық.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.