Фактчек | Байбек: Алматы экономикасы жақсарды

Қаңтардың 16-сында “ҚазТАГ” ақпарат агенттігі Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қала экономикасы туралы айтқан бірнеше мәлімдемесін жазып, материал жариялады:

  • Шағын және орта бизнес (ШОБ) тауарларының көлемі – 21,2 пайызға, салық 9 пайызға өсті;
  • Инвестиция – 10,5 пайызға, өндіріс көлемі – 4,5 пайызға, құрылыс 4,7 пайызға өсті;
  • 2018 жылы көтерме сауда – 2,5 пайызға, бөлшек сауда 12,3 пайызға артты.

Осы мәлімдемелерді блиц-фактчекке салып, тексеріп көрейік.

Фактчек | Байбек: Алматы экономикасы жақсарды

Мәлімдеме: Шағын және орта бизнес тауарларының көлемі 21,2% өсті

Үкім: Үкімі жоқ

2018 жылдың қаңтар-желтоқсанына арналған “Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық өсімінің қысқаша статистикалық бюллетенінде” Алматыдағы ШОБ өсіміне қатысты мынадай дерек көрсетілген:

Экономика в Алматы

Көріп тұрғандарыңыздай, былтыр қаңтар-қыркүйек айларында ШОБ тауарлары 2017 жылдың тап сол кезеңімен салыстырғанда 21,2 пайызға өскен. Толық 12 айдың деректерін, өкінішке қарай, таба алмадық. Дегенмен, статистика өсім бар екенін көрсетеді.

Мәлімдеме: Бюджетке түсетін салық 9% өсті

Үкім: Үкімі жоқ

Әкім республикалық бюджетке түсетін салық пен төлемді айтты ма, әлде шағын және орта бизнестен түсетін салықты айтты ма – түсініксіз. Сондықтан жалпы қарастырып көрейік.

Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің статистикасына қараңыз.

Экономика в Алматы

2018 жылы бюджетке Алматыдан түскен салық пен төлем – 1 804 670 941 мың теңге.

2017 жылы — 1 769 472 114 мың теңге.

Фактчек | Байбек: Алматы экономикасы жақсарды

Бұл – Алматыға түсетін салық пен төлем бір жылда дөңгелектеп алғанда 2 пайызға өсті деген сөз.

Алматы бюджетіне ШОБ-тан түсетін төлемдер

Ревизиялық комиссия Алматының 2018 жылғы есебін ашық дереккөздерде әлі жариялаған жоқ. Тек былтырғы жылғы қорытынды ақпарат қана бар. Сондықтан мұның рас-өтірігін қалалық кәсіпкерлікті басқару және инновациялық-индустриалдық даму басқармасының деректеріне қарап айта аламыз.

Экономика Алматы
Басқарма сайтынан скриншот

2018 жылдың 9 айында ШОБ-тан бюджетке түскен қаржы 2017 жылдың тап сол кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға аз болғанымен (62% және 63%), былтырғы тоғыз айда өсім 9 пайызға жетті.

“2020 жылға қарай ШОБ үлесін 40 пайызға жеткізу” деген сөзіне келсек – былтыр тамызда-ақ өңірдің жалпы өнімінде шағын және орта бизнес 38,5 пайыз екені айтылған.

Мәлімдеме: “Инвестиция — 10,5%, өндіріс көлемі — 4,5%, құрылыс — 4,7%, көтерме сауда — 2,5%, бөлшек сауда — 12,3% өсті”

Үкім: Шындық

Статистика департаменті жариялаған “2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы” есебінде мынадай ақпарат берілген:

Экономика Алматы

Алматы әкімі осы жолғы баяндамасында статистиканы барынша сақ қолданған деуге болады. Мәлімдемелерді тексеру кезінде біз ашық деректерге сүйенеміз – бұл жолы Статистика комитеті мен департаментінің, Қаржы министрлігінің деректерін негізге алдық.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz