Арменияда паспорт жасау құны 840 теңге екені рас па?

Ztb_kz инстаграм парақшасы Қазақстан мен Армениядағы паспорт бағасын салыстырып жазған болатын. Ақпарат мазмұнында паспорттың кез келген мемлекет үшін маңызды екені айтылады. Сондай-ақ Қазақстанда паспорт жасау құны – 23 336 теңге, ал Арменияда 840 теңге деп көрсетеді. Деректің рас-өтірігін бірге тексеріп көрейік.

Арменияда паспорт жасау құны 840 теңге екені рас па?
Скрин ztb_kz инстаграм парақшасынан алынды

Үкім: Манипуляция

Азаматтарға арналған үкімет” мәліметінше, елімізде паспорт жасау құны – 23 336 (8 АЕК) теңге екені рас.

Армения Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің ақпараты бойынша, Армениядағы биометриялық паспорт құны – 133 доллар, теңгеге шаққанда, шамамен, 55 600 теңге. Жаряиланған посттағы 2 доллар Армения азаматтығын алу үшін төленетін жарна.

Ztb_kz парақшасы біздегі паспорт алу құны мен Армениядағы азаматтық алуға төленетін мемлекеттік жарнаны салыстырған. Бұл ақпаратты бұрмалау. Шынтуайтында, Қазақстандағы паспорт алу құны Арменияға қарағанда арзан.

Өзге елдерде паспорт жасау құны қанша?

Әзірбайжан Ішкі стер министрлігінің ресми сайтында, елдегі паспорт жасау құны 10 жұмыс күні ішінде 40 манат (1 манат 246 теңге) деп көрсетілген. Яғни 9840 теңге.

Украинаның көші-қоны қызметінің ресми сайтында, елдегі паспорт жасау құны 20 жұмыс күні ішінде 694 грн (шамамен 1 грн 15 теңге), бұл дегеніміз шамамен 10 517 теңге.

Ресей Ішкі Істер министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі паспорт жасау құны 5000 рубль (1 рубль 5, 6 теңге), қазіргі рубльдің курсымен 28 434 теңге. Егер “Мемлекеттік қызметтер” платформасы арқылы тапсырыс беретін болсаңыз 3500 рубль (19 904 теңге).

Контекст

Елімізде дәл қазіргі уақытта қолданылатын паспорт түрі – биометриялық паспорт. Қазақстанда 2008 жылдың 24 желтоқсанында халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес биометриялық паспорт түрі дайындалады. Ал, бұл жылға дейін паспорттың ескі түрі қолданылды.

Әлем елдері қауіпсіз әрі тиімді болуы үшін паспортты жаңа беометриялық паспорт түріне өзгертті. Бірақ біраз елде паспорттың ескі әрі жаңа түрі қатар қолданылады. Қандай паспорт түрін жасатасыз азаматтардың қалауына қарай. Екі паспорттың айырмашылығы туралы төменде жазатын боламыз.

Беометриялық паспорт пен биометриялық емес паспорттың айырмашылығы неде?

Биометриялық паспорттың ең басты айырмашылығы – электронды түрде қамтыған микрочиптің болуы. Сол себепті бұндай паспортты қолдан жасау мүмкін емес. Жарамдылық мерзімі – 10 жыл. Бұл паспорт арқылы визасыз өзге елдерге шығу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, баруға болатын мемлекет саны көп. Бағасы да қымбат. Оны ұстаудың бір артықшылығы кейбір қызмет түрлерін жеке куәліксіз саусақ бедерімен пайдалана беруге болады. Егер сіз жиі саяхаттасаңыз және алдағы онжылдықта тегіңізді өзгерткіңіз келмесе, биометриялық паспортты қолдану ыңғайлы. Бұл басқа елге кіру уақытын үнемдеуге және алаяқтықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Биометриялық емес паспорттың жарамдылық мерзімі – 5 жыл. Сәйкесінше бағасы да беометриялық паспорттан арзан. Егер сіз басқа елге 1-2 сапар жасайтын болсаңыз және ақша үнемдегіңіз келсе, ескі үлгідегі паспорт қолайлы.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz