Путин Макронды елемей, амандаспай қойды ма?

Желіде Ресей президенті Владимир Путиннің видеосы тарады. Онда Путин Франция президенті Эммануэль Макронды елемей өтіп кетеді де, басқа елдің саясаткерлерімен қол алысып амандасады (1, 2). Reuters бейнені және оған қатысты ақпаратты тексеріп көрді.

Путин Макронды елемей, амандаспай қойды ма?

Видео 2018 жылғы қарашада Франция астанасы Парижде бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанының құрметіне өткен іс-шарада түсірілген. Салтанатты аркада тұрған Макронның жанына ондаған монархтар, министрлер мен президенттер барды.

Видеоның толық нұсқасынан Путиннің Ангела Меркельмен, Дональд Трамппен амандаспас бұрын Макронның қолын алып, сәлемдескенін көруге болады.

Басқа ракурстан түсірілген тағы бір видеодан да Путин мен Макронның амандасқан сәтін байқауға болады.

Осылайша, “Путин Макронды елемей, амандаспай қойды” деп тараған мәлімдеме жалған. Мұндай фейк ақпаратқа видеоның үзіндісі ғана қиылып тарауы себеп болды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz