Әлеуметтік желі мен медиадағы бейбіт митиңдердің образы қандай?

Factcheck.kz журналистері Жансерік Тілеухан мен Думан Терликбаев “Әлеуметтік желі мен медиадағы бейбіт митиңдердің образын зерттеу” атты зерттеу нәтижесін жариялады.

Бейбіт наразылық я демонстрация ретінде белгілі бейбіт митиңдер, әлеуметтік, экономикалық не саяси мәселелер бойынша өз пікірін не наразылығын білдіру үшін жеке адам я болмаса топтар ұйымдастыратын қоғамдық жиындар. Мұндай митиңдер әдетте зорлық-зомбылықсыз өтеді және күш жұмылдыруға, бейбіт жолмен өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталады. Көп елде бейбіт митиң сөз бостандығы мен жиынның негізгі құқығы ретінде заңмен қорғалған.

Мемлекеттік пропаганда, керісінше, қоғамдық пікірді қалыптастыру және белгілі бір мәселелердің айтылуын бақылау мақсатында мемлекет қарамағындағы бұқаралық ақпарат құралдарының біржақты не жаңылыстыратын ақпарат таратуын көздейді. Мемлекеттік пропаганда әртүрлі формада, соның ішінде цензура, жалған ақпарат пен наразы көңіл-күйдегі көзқарастарды демонизациялау түрінде жүргізуі мүмкін.

Қазақстандағы бейбіт жиындар туралы Заңға президент 2020 жылғы 25 мамырда қол қойды. Ол азаматтарға бейбіт жиналу, жиналыстар, митиңдер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізу құқығын береді. Алайда, заң сонымен қатар бейбіт жиындар мамандандырылған жерлерде өткізілуі керек деп белгілейді және билікке бес күн бұрын хабарлауды талап етеді. Заң кейбір құқық қорғаушылар мен белсенділердің сынына ұшырады, олар оны демократиялық емес және сөз бостандығын шектейді деп санайды. Сондай-ақ бейбіт жиындарға қатысушылардың заңды немесе басқа әкімшілік ережелерді бұзғаны үшін ұсталу мен айыппұл салу жағдайлары тіркелген.

Жарияланған материалда бейбіт митиңдер жиі кездесетін, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарында шектеулі не біржақты жарияланатын Қазақстанның медиа кеңістігіндегі бейбіт митиңдер образы талданған. Қазақстандағы мемлекеттік және тәуелсіз БАҚ бейбіт митиңдерді қалай бейнелейтінін және мұның азаматтардың демократиялық өзгерістерге қатысуына қандай салдары бар екені қарастырылған. Сондай-ақ саяси элитаға Қазақстандағы бейбіт митиңдерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды жақсарту және неғұрлым инклюзив, демократиялық қоғам құруға ықпал ету туралы ұсыныстар жазылған.

Материалды төмендегі құжаттан оқи аласыз.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz