Фактчек: Ресей Қазақстанға шабуыл жасамақ па?

Жақында Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі «novosstymira»‎ аккаунтында «Ресей Қазақстан шекарасына әскер жіберіп жатыр, соғыс бола ма?»‎ деген жазуы бар видео жарияланды. Роликте әскери техника тиелген поездың видеосы бейнеленген. Қазір ол 4 млн-ға жуық қаралым жинап үлгерді.

@novosstymira #казакстан🇰🇿 #россия🇷🇺 #кыргызстан🇰🇬 #україна🇺🇦 #рекомендации❤️❤️ #турция🇹🇷 #сша🇺🇸 #новости #рекомендации #смотреть #онлайн ♬ ANGETENARAK – RKM

Factcheck.kz желіде тараған видеоны тексеріп көрді.

Үкім: Фейк

Видео Youtube-ке (архив) 2 жыл бұрын 19 қаңтарда жүктелген, ол Ресейдің Иркутск теміржол вокзалы аймағынан түсірілген. Алғаш жарияланған уақытынан Ресей мен Украина арасында соғыс басталарда Ресейдің Сібірі мен Қиыр Шығысынан батыс аймақтарына ауыстырылған орыс әскери техникалары болуы мүмкін деуге келеді.

Видео Ресейдің Иркутск теміржол вокзалы аймағынан түсірілген. Кадрдағы ғимараттар мен Google map-тағы спутниктен түсірілген суреттер теміржол бойындағы ғимараттармен сәйкес келеді.

  • Фактчек: Ресей Қазақстанға шабуыл жасамақ па?
  • Фактчек: Ресей Қазақстанға шабуыл жасамақ па?
  • Фактчек: Ресей Қазақстанға шабуыл жасамақ па?

Видео жарияланған уақытта Ресейден Беларуське бірлескен әскери жаттығуларға әскери техника жіберіліп жатқаны жайлы ақпарат тараған. Мәселен мына бір материалда әскерилер қаңтар айының басынан Беларуське жөнелтіліп жатқаны айтылған. Оған қоса осы уақыт аралығында жол бойында кадрға түскен бірнеше әскери техника тиелген поездардың фотосы жарияланған. Беларуське бара жатқан әскерилер Tik-Tok платформасысында “қазір жолдамыз, Иркутск қаласында тұрмыз” деген пікір қалдырған. Демек видеодағы поезд Беларуське кетіп бара жатуы мүмкін. Алайда әскери жаттығуларға жіберілген әскер саны мен техника жайлы ресми ақпараттың жоқтығына байланысты мұны нақты айту қиын.

Контекст

2022 жылдың ақпанында Беларусьте Ресей-Беларусь бірлескен әскери жаттығуы өтті. «Союзная решимость — 2022» деп аталған жаттығулар аяқталғаннан кейін төрт күн өткен соң Ресей Украинаға әскери шабуыл жасады.

Factcheck.kz