Алматы әкімдігі қаланы Жаңа жылға сәндеу үшін 714 млн теңге бөлген

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан билігі қалаларды сәндеу үшін дәстүрлі түрде тендер өткізіп тұрады. Оған едәуір көп қаражат жұмсалады. Әрі мұндай шығын жылдан жылға көбейіп отырады. Алайда тұрғындар үнемі әкімдік жұмысына разы бола бермейді.

Осыған орай Factcheck.kz редакциясы Алматы әкімдігі Жаңа жыл қарсаңында қаланы безендіруге қанша ақша жұмсағанын зерттеп көрді.

Әр ауданға бір тендер

Мемлекеттік сатып алу сайтының дерегінше, Алматы қаласы мәдениет басқармасы әр ауданды бөлек безендіру туралы шешім қабылдаған. Сондықтан ведомство ғимараттардың сыртын безендіруге сегіз хабарландыру жариялаған. Әр ауданға 65 млн теңгеден көп қаражат көрсетілген.

Онда Алатау ауданына 66 007 894 теңге, Алмалы ауданына — 67 693 551 теңге, Әуезов ауданына — 67 098 968 теңге, Бостандық ауданына — 65 937 894 теңге, Жетісу ауданына — 67 667 894 теңге, Медеу ауданына — 67 747 294 теңге, Наурызбай ауданына — 67 262 894 және Түрксіб ауданына — 66 297 897 теңге қарастырылған. 

Қызмет көрсететін төрт компания қарастырылған: «Magic Wood» ЖШС, PR – «Капитал Медиа» ЖК, «Expedit Group» ЖШС және «B-Grass» ЖШС. «Magic Wood» Алмалы және Наурызбай аудандарын, «Капитал Медиа» Бостандық және Жетісу аудандарын, «B-Grass» — Түрксіб ауданын, «Expedit Group» ЖШС Алатау, Әуезов және Медеу аудандарын безендіреді.

Көрсетілген қаражатқа компаниялар әр ауданға биіктігі он метр болатын шырша орнатып, оны гирляндамен және ойыншықтармен безендіреді; биіктігі 1-3 метр болатын 7-30  сәулет формасы; жарық гирляндалардан тақырыптық сәндеу; кей аудандарда әкімшілік ғимараттардың алды бөлек безендіріледі.

Жалпы, билік қала аудандарының барлығын безендіруге 535 714 286 теңге жұмсамақ. Алайда, бұл соңғы сома емес екенін айта кету керек. Конкурс жеңімпаздары таңдалғанына қарамастан, осы материал жарияланған уақытта билік компаниялармен сегіз келісімшарттың бесеуін ғана жасап үлгерген. Олардың арасында Наурызбай, Жетісу, Алмалы, Әуезов және Медеу аудандарын безендіру келісімшарттары бар. Басқа ақпарат жоқ.

Қосымша шығын

Алматы әкімдігі қаланы сәндеуге жоспарлаған қаражат осымен аяқталмайды. Билік Абай алаңын безендіруге бұдан бөлек тағы 66 693 551 теңге бөлген. Онда қаланың бас шыршасы орнатылады. Сонымен қатар жарық элементтерімен тақырыптық безендіруге  65 598 968 теңге және сәулет формаларын реставрациялауға 46 278 195 теңге бөлген.

Абай алаңын «Magic World» ЖШС безендіреді. Компания ол жерге биіктігі 20 метр болатын шырша орнатып, жеті мың метр гирлянда мен 500 ойыншық ілуі керек. Одан бөлек, алаңға иллюминация, 1 метрден 4 метрге дейінгі сәулет формасы орнатылып, аромадиффузор ілінеді.

Қосымша жарықтандыруға келетін болсақ, мәселе 223 гирлянданы қаланы жарықтандыратын бағандарға ілу туралы болып отыр. Бұл жұмыспен «B-Grass» ЖШС айналысады. Соңғы лот — қала көшелері бойында 355 жарық аркасын және 16 сәулет формасын қою. Бұл конкурста «Алматы-Контакт ЛТД» ЖШС жеңімпаз болды.

Осылайша, Алматы билігі қаланы Жаңа жылға безендіруге 714 285 000 теңге жұмсауды жоспарлаған.

Қаланы қашан және қалай безендіреді

Желтоқсанның басында Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қаланы безендіру желтоқсанның ортасында басталатынын айтқан. Мұндай шешім әкімшіліктің көшелер мен алаңдарды безендіретін компанияны анықтамағанымен түсіндірілген еді. Кей тендерлер бойынша келісімшарттың неге аяқталмағаны осы мәселеден байқалатындай.

Сондай-ақ Қырықбаев жұмыс нәтижесі бойынша қалада 60-тан астам шырша орнатылып, көшелер мен саябақтар маңында инсталляциялар, фото аймақтар мен иллюминациялар қойылатынын, қаланы безендіруде жарық композицияларының бір стильде болатынына басымдық берілетінін айтты.

Одан бөлек мереке кезінде қала билігі жаңа жылдық қысқы фестиваль, әртүрлі шеберлік сабақтарын, жас суретшілердің көрмелерін, аниматор бағдарламаларын, конценттер мен жаңа жылдық тақырыпта түсірілген видеолар бойынша моблографтар арасында конкурстар ұйымдастыруды жоспарлаған. Алайда бұлардың ешбірі осы материалда айтылмаған тендерлерде көрсетілмеген, сондықтан бұл шараларға бөлек қаражат бөлінуі мүмкін.

Журналистердің сөзінше, Алматы жыл сайын жаңа жылдық безендіруге ең көп қаржы құятын қалалар қатарынан табылады. Әрі шығын жыл сайын артып отырады. Салыстыру үшін айта кетсек, в 2020 жылы оңтүстік астананы безендіруге 359,5 млн теңге, ал 2022 жылы — 598,6 млн теңге бөлінген.

2021 жылы әкімдік коронавирус пандемиясы үшін қаланы Жаңа жылға безендіруге көп қаражат жұмсамай, 224 млн теңге бөлген. Сонда да алматылықтардың наразылығын туғызған. Жергілікті тұрғындар қала мерекеге сәнделмегенін, ал алаңдарда қолданылған безендірулер сапасыз және әдемі болмағанын айтты.

Материалды жазуға Ернұр Бақберген атсалысты

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz