Жалған ақпарат таратты деген күдікпен Арман Шораев қамауға алынды

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша белгілі қоғам қайраткері, журналист Арман Шораев төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдікпен тұтқындалды.

Полицияның айтуынша журналист бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқан. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша А.Т.Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесіне зиян келтірген.

Журналист Қарағанды қаласында тұтқындалды, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл іс бойынша қылмыстың кодекстің 274-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Factcheck.kz