«Яндекс.Такси» құқық қорғау органдарына жолаушылар жайлы мәлімет берген

«Яндекс.Такси» қызметі пайдаланушыларының сапарларының тарихын құқық қорғау органдарына бергенін растады. Бұл туралы компанияның баспасөз хатшысы Наталья Рожкова “Медиазонаның” жолдаған сауалында мәлімдеді.

Рожкованың айтуынша компания құқық қорғау органдарының ресми сұраулары бойынша мәліметтерді ұсынуы міндетті. Құқық қорғау органдары сауалнамада пайдаланушылар жайлы мәлімет қандай мақсатта қолданылатынын ашып айтпайды.

Компанияның айтуынша мұндай ақпарат қылмысты ашуға және біреудің өмірін құтқаруға көмектеседі.

Бұған дейін Baza порталы “Медузаның” тілшісі Иван Голуновтың ісі бойынша тұтқындалған экс-полицей Игорь Ляховтың мәлімдемесін жариялады. Ляховец журналистің мекен-жайын Голуновтың «Яндекс.Такси» қызметі арқылы анықтағанын айтты.

«Роскомсвобода» сайтының хабарлауынша «Яндекс.Такси» ақпарат таратуды ұйымдастырушылардың тізілімінде жоқ, яғни компания құқық қорғау органдарына ешқандай мәліметтер бермеуге құқылы.

Factcheck.kz