Ян дауылы кезіндегі таңғажайып бұлттар өнер туындысы болып шықты

Әлеуметтік желідегі ағылшын тілді ортада найзағайлы бұлттардың ерекше фотосы тарап жүр. Адамдар онда Майами (АҚШ) жағалауында Ян дауылы соғып жатқан сәті бейнеленген деп болжады. Алайда Reuters фактчекерлері суреттің фейк екенін анықтады.

28 қыркүйекте Флориданың мексикалық шығанағы жағалауында Ян дауылы соғып, салдарынан 80-нен астам адам қайтыс болды.

https://twitter.com/IanPBuckingham/status/1575776548275113984

Ал 2022 жылы жалған тақырыппен жарияланған суретті бірнеше жерден көруге болады (мұнда және мұнда). Шын мәнінде, бұл — суретші Брент Шавнор 2019 жылы жасаған анимациядан алынған кадр.

Шавнор өзінің бейне авторы екенін Reuters басылымына растады. Оған қоса ол цифрлық видеосын 2019 жылғы мамырда Instagram парақшасына жүктеген.

Factcheck.kz