Биыл Twitter компаниясының акциясы бірінші тоқсанындағы қаржылық есебін жариялағаннан кейін күрт төмендеді. Бұған аудитория артуының бәсеңдеуі және ендігі тоқсандағы болжам көрсеткішінің азайғаны себеп болды. Бұл туралы CNBC сайты хабарлады.
Өткен тоқсандағы есеп бойынша компанияның кірісі 1,04 млрд долларды құрады. Бұл былтырғы жылдың есебімен салыстырғанда 28% -ға көп. Сонымен қатар, әлеуметтік желінің табысы былтырғы болжам бойынша 8,4 миллион доллар емес, 68 миллион долларға көбейген. Жарнамадан түскен пайда кірісі 899 млн долларға дейін өсті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 32% -ға көп.
Әлеуметтік желінің монетизацияланған қолданушыларының саны 199 млн-ға жетсе де сарапшылардың үмітін ақтамады. FactSet болжауынша, қолданушылар саны тағы миллионға артуы керек еді.