Түркияда бірнеше халықаралық медиа бұғатталуы мүмкін

Түркияның радио және телевизияны қадағалайтын жоғарғы кеңесі (RTÜK) Deutsche Welle, Voice of America және Euronews сайтының түрік тілді қызметін 72 сағатта тиісті лицензия алмаса, хабар таратуына тыйым салады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

RTÜK басқару органы неліктен шетел медиасына лицензия міндеттегенін бірден түсіндіре алмады. Бұл органда биліктің басым бөлігі тиесілі Әділет және даму партиясының мүшелері (AKP) көп.

Оппозиция депутаты Ильхан Таши мұндай шешімді сынап, енді Түркиядағы медиа бостандығына қауіп төнетінін айтты.

Кейінгі жылдары Түркия медианы толық бақылауға алып, RTÜK басқару мекемесіне онлайн медианы қадағалауға және контентті өшіру құқығын берген. Қазіргі уақытта Түркиядағы негізгі медианың 90%-і мемлекетке тиесілі немесе үкіметке жақын.

Бұған қоса Түркия президенті Режеп Ердоған AKP партиясының құндылығына қайшы келетін БАҚ контентін билікке келгелі жиі сынап отырған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz