Роскомнадзор Google, Facebook және Youtube компанияларын айыптады

Роскомнадзор Google, Facebook және Youtube компанияларын айыптады

Роскомнадзор Ресейде жексенбі күні өткен аймақтық сайлау кезінде саяси жарнама таратты деп Google, Facebook және Youtube компанияларын айыптады. Олардың айтуы бойынша мұны сайлау процесіне араласу ретінде қарастыруға болады.

Reuters-тың хабарлауынша жұма күні Роскомнадзор Google мен Facebook-ке алдын-ала хабарласты. Ведомство басшылары аты аталған әлеуметтік желі беттерінде “тыныштық күндері” саяси жарнама орналастырылатын болса, компанияға қатысты шара қолданатынын ескертті.

Сайлау күні бұқара ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу барысында Google іздеу жүйесінде, Facebook әлеуметтік желісінде және Youtube платформасында саяси жарнаманың таралу фактілері анықталған.

Роскомнадзор компаниялардың бұл әрекетін Ресейдің істеріне араласу және демократиялық сайлау өткізуге кедергі келтіру деп қарастырды. Google-дің Ресейдегі кеңсесі қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

Factcheck.kz