Ресейде коронавирус жұқтырған азаматтарды бақылау жүйесі құрылады

Ресейде коронавирус жұқтырған және олармен байланысқан азаматтарды бақылау жүйесі құрылады. Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, геолокация туралы деректер ұялы операторлардан алынады. Бұл жайлы Роскомсвобода хабарлайды.

Сонымен қатар ұялы операторлар азаматтарға вирус жұқтырған адаммен байланысқаны жайлы хабарлама жіберуі мүмкін. Бұл ақпаратты РФ субъектілерінің жедел штабына жібереді.

Министрлер кабинетінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустин азаматтарды ақпараттындыру мақсатында осындай шешім қабылдады. Хабарламада вирус жұқтыруы мүмкін адамға өзін-өзі оқшаулау қажеті туралы айтылады. Мерзімі – 2020 жылғы 27 наурызға дейін

COVID-19 қарсы күрес үшін азаматтардың геолокациясын қадағалауға жақында Израильдің арнайы билік қызметтеріне рұқсат берді. Мұндай шаралар АҚШ пен Еуропа елдерінде де талқылануда. Алайда олар жаппай бақылау азаматтардың құпиялылық пен жеке өмірді қорғау құқына қайшы екенін алға тартады.

Factcheck.kz